Елордалықтар соғыс ардагері Шаймұхан Мұқановты ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтар соғыс ардагері Шаймұхан Мұқановты ақтық сапарға шығарып салды

09.06.2015
Елордалықтар соғыс ардагері Шаймұхан Мұқановты ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін елордалықтар соғыс ардагері, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері, «Даңқ» орденінің кавалері Шаймұхан Мұқановты ақтық сапарға шығарып салды.

Қоштасу рәсімі Астана Сурет галереясы залында өтті.

Шаймұхан Мұқанов Ленинград майдандарында шайқасқан. Балтық жағалауларын азат етуге қатысқан.

Тәуелсіздік алған тұста Қазақстанның қалыптасуына  атсалысты. Майдангер зейнет демалысына шыққаннан кейін де қоғамдық өмірден сырт қалмады, ардагерлер ұйымының жұмысына қызу араласып, жастарға патриоттық тәрбие беруге атсалысты.

Бүгін Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің ұландары ердің ерен еңбектерін елеп, құрмет көрсетіп, ақтық сапарға шығарып салды.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу