Алматы халқы теракт құрбандарын ақтық сапарға шығарып салуда (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы халқы теракт құрбандарын ақтық сапарға шығарып салуда (ФОТО)

25.07.2016
Алматы халқы теракт құрбандарын ақтық сапарға шығарып салуда (ФОТО)

Алматыда 18 шілдедегі теракт кезінде қаза тапқан полиция старшинасы, екінші батальон полицейі Аян Ғалиевпен және ҚР ІІМ бұрынғы қызметкері Ғани Нұримановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.

Алматы халқы теракт құрбандарын ақтық сапарға шығарып салуда (ФОТО)

Таң атысымен Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына марқұмдардың туыстары, жақындары және әріптестері жиналды. 

«Біз үшін Аян Ғалиев ақкөңіл, мейірімді жан еді. Өз ісінің маманы еді. Біз әрқашан оны есте сақтайтын боламыз», - деді полиция майоры Есенгелді Өтепбергенов.

Алматы халқы теракт құрбандарын ақтық сапарға шығарып салуда (ФОТО)

Еске сала кетейік, террористік акт кезінде құқық қорғау органдарының үш қызметкері - 28 жастағы полиция капитаны Бауыржан Нұрмұханбетов, 24 жастағы полиция сержанты Мақсат Сәлімбаев және 42 жастағы полиция старшинасы Аян Ғалиев қаза тапқан еді. 19 шілде күні полиция лейтенанты, ЖПП мамандандырылған батальон қызметінің аға инспекторы 29 жастағы Тимур Бегасыловтың  ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.

Алматы халқы теракт құрбандарын ақтық сапарға шығарып салуда (ФОТО)

Сондай-ақ,  бүгін Алматы және Жамбыл облыстарында Мақсат Сәлімбаевты және Бауыржан Нұрмұханбетовты жерлеу рәсімі өтуде.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу