«Саз керуен». Бесінші айналым қорытындысы бойынша жылдық байқауға екі ән жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Саз керуен». Бесінші айналым қорытындысы бойынша жылдық байқауға екі ән жолдама алды

08.04.2016
«Саз керуен». Бесінші айналым қорытындысы бойынша жылдық байқауға екі ән жолдама алды

Бұл кезеңде радиотыңдармандар назарына 12 ән ұсынылған болатын. Олардың арасынан Аққу мен Гүлназдың орындауындағы Керім Елеместің сөзіне жазылған Берік Төлепбергеннің «Бір үйде» әні ең көп тыңдалымға (4510) ие болып, жылдық байқауға жолдама алды.

Сонымен қатар, 2826 тыңдарманның назарына іліккен Есет Сәдуақасовтың орындауындағы «Сыйластық» әні радионың Көркемдік кеңесінің шешімімен қорытынды байқауда бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.

Осылайша, бесінші кезең қорытындысы бойынша, жылдық байқауға екі ән жіберілді. 

Шырынбек Қойлыбаевтың сөзіне жазылған Кентау Назарбековтың «Сыйластық» әні сондай-ақ, радионың «Алтын қорына» тапсырылады.

Естеріңізге сала кетейік,  «Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Ерекшелігі - үміткердің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады.

 

Хабарламаларға жазылу