Дохада бокстан 5 Әлем чемпионының есімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дохада бокстан 5 Әлем чемпионының есімі белгілі болды

15.10.2015
Дохада бокстан 5 Әлем чемпионының есімі белгілі болды

Кеше Дохада өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 5 салмақ дәрежесі бойынша жаңа чемпиондардың есімдері белгілі болды.

49 келі салмақтың көшін кубалық Йоандри Аргилагос бастады. Екінші орынды ресейлік  Василий Егоров иеленсе, үздік үштікті украиналық Дмитро Заготаев пен Филиппиндік Ладон Роген түйіндеді.

56 келі салмақта Ирландия боксшысының бағы жанып, әлем чемпионы атанды. Бұл салмақта күміс жүлдені өзбек боксшысы Муроджан Ахмадалиев жеңіп алды. Жүлделі үшінші орынды Болгария боксшысы Дмитрий Асанов пен индиялық Шива Тапа иеленді.

64 келі салмақтың көшін ресейлік Виталий Дунайцев бастаса, екінші орынға өзбекстандық Фазлиддин Гайбназаров жайғасты. Бұл салмақта үшінші жүлделі орынға Таиланд боксшысы Масук Вуттичай мен кубалық Яснэль Толедо қол жеткізді.

75 келі салмақта кубалық Арлен Лопес чемпион атанды. Екінші орынды тағы бір өзбек боксшысы Бектемир Меликузиев жеңіп алды. Бұл салмақтың қола жүлдесін Египеттен келген Хосам Абдин мен ирландиялық Майкл О"Рейли өзара бөлісті.

Ал 91 келіге дейінгі салмақта ресейлік Евгений Тищенко чемпиондық атаққа қол жеткізді. Күміс жүлдені кубалық Эрисланди Савон жеңіп алса, жүлделі үшінші орын украиналық Геворг Манукянға бұйырды.

Бүгін - Катарда өтіп жатқан әлем біріншілігінің соңғы күні. Біз Данияр Елеусінов пен Иван Дычкодан зор үміт күтеміз.

Әлем біріншілігінің соңғы күні чемпиондық атаққа және Рио Олимпиадасының жолдамасына таласатын боксшылар мыналар:

52 келі: Йосвани Вейтиа (Алжир) - Эльвин Мамишзаде (Әзербайжан)  

60 келі: Эльнур Абдурахимов (Өзбекстан) - Робсон Консейсао (Бразилия) - Вox OFF

60 келі: Ласаро Альварес (Куба) - Альберт Селимов (Әзербайжан)

69 келі: Парвиз Багиров (Әзербайжан) - Лью Вей (Қытай) - Вox OFF

69 келі: Данияр Елеусінов (Қазақстан) - Мохамед Раби (Марокка)

81 келі: Джо Уорд (Ирландия) - Хулио Сесар де ла Крус (Куба)

+91 келі: Иван Дычко (Қазақстан) - Тони Йока (Франция)

Хабарламаларға жазылу