Данияр Елеусінов бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данияр Елеусінов бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

15.10.2015
Данияр Елеусінов бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Бүгін Дохада (Катар) бокстан Әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов (69 келі) финалда марокколық Мохаммад Рабииге 3:0 (29:28, 30:27, 29:28) есебімен есе жіберді.

Осылайша Данияр Елеусінов 2013 жылы Алматыда өткен Әлем чемпионатында алған алтын жүлдесіне күміс медаль қосты.

Сонымен қатар, жерлесіміз финалға шыққаны үшін 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясын иеленді.  

Айта кетейік, «KAZsport» пен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Дохадағы (Катар) бокстан Әлем чемпионатындағы барлық жекпе-жектерді тікелей эфирде көрсетуде.  

 

Хабарламаларға жазылу