Бокстан Әлем чемпионаты: Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левит келесі кезеңге өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Әлем чемпионаты: Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левит келесі кезеңге өтті

09.10.2015
Бокстан Әлем чемпионаты: Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левит келесі кезеңге өтті

Дохада (Катар) бокстан Әлем чемпионатының 3-ші жарыс күні аяқталды.

75 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алғашқы жекпе-жегінде мексикалық Мисаэль Родригесті 3:0 есебімен ұтты. Енді бокстан 2013 жылғы Әлем чемпионы Ж.Әлімханұлы 1/4 финалда ирландиялық Майкл О'Рейлимен кездеседі.

Бұл күні шаршы алаңға тағы бір қазақстандық спортшы Василий Левит (91 келі) шығуы тиіс еді. Алайда, оның қарсыласы бразилиялық Жуан Гонсальвес Ногейра жекпе-жекке шықпады. Осылайша, Әлем чемпионатында әлі шаршы алаңға шықпаған В.Левит турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы бокстан Әлем чемпионатының барлық жекпе-жектерін тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Ал, әлемдік доданың жартылай финалдық бәсекелерін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жексенбі, 11 қазан күні тікелей эфирде көрсетеді. Жарыс Астана уақытымен сағат 22:35-те басталады. 

Хабарламаларға жазылу