Катарда өтетін бокстан Әлем чемпионатының ресми логотипі таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Катарда өтетін бокстан Әлем чемпионатының ресми логотипі таныстырылды

18.04.2015
Катарда өтетін бокстан Әлем чемпионатының ресми логотипі таныстырылды

Логотипте боксшының бейнесі бейнеленген. Ақ пен күрең түс Катар елінің дәстүрлі түстері. Ал, сары түс Катардың құмды ел екенін білдіреді.

«Бүкіләлемдік бокс чемпионатына дайындық өте жоғары деңгейде. Рио 2016 Олимпиада ойындарына жолдама беретін бәсеке боксшылар үшін өте маңызды біріншілік. Бокс күнтізбесінен ең қызықты іс-шараларды күтемін», - дейді АИБА президенті Чинг-Куо Ву.

Айта кетейік, бокстан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты 5-18 қазан аралығында Катар астанасы Дохада өтеді.

Хабарламаларға жазылу