Данияр Елеусінов пен Иван Дычко бокстан Әлем чемпионатының финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко бокстан Әлем чемпионатының финалына шықты

13.10.2015
Данияр Елеусінов пен Иван Дычко бокстан Әлем чемпионатының финалына шықты

Кеше Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.

Жарыстың бұл кезеңіне шыққан екі қазақстандық боксшы да финалға өтіп, алтын жүлде үшін сынға түседі.

Жерлестеріміз арасынан шаршы алаңға алғашқы болып құрама капитаны Данияр Елеусінов (69 келі) шықты. Ол әзірбайжандық Парвиз Багировты 3:0 есебімен ұтып, финалда мароккалық Мохаммед Рабиимен кездеседі.  

Ал, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко (+91 келі) жартылай финалда өзбекстандық Баходир Жалоловпен қолғап түйістіріп, 2:1 есебімен басым түсті. Енді қазақстандық спортшы Әлем чемпионы атағы үшін франциялық Тони Йокамен таласады.

Айта кетейік, бокстан Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін «KAZsport» телеарнасы 14 және 15 қазан күні сағат 21:55-те тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу