Димаш Құдайберген – «Славян базары» байқауында жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ әншісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген – «Славян базары» байқауында жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ әншісі

15.07.2015
Димаш Құдайберген – «Славян базары» байқауында жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ әншісі

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Славян базары-2015»  конкурсында гран-при жүлдесін иеленгені дүйім қазақ эстрадасының жеңісі. Димаш екі күннің қорытындысы бойынша 175 балл жинаған. Өнер жарысында қазақстандық  әнші қарсыластарынан оқ бойы озық шықты.

Жеңімпазды әуежайдан күтіп алуға «Таңшолпан» бағдарламасының тілшілері де барды.

«Бұл – бала кезден арманданған байқауым. Қазір қазақ өнері өте биік деңгейде. Қазақтың әр баласы мен секілді  байқауға барып, жеңіске жететініне сенімім мол. Өйткені, біздің қазақтың вокалдық мектебі мықты, ұстаздарымыз мықты»,-дейді.

Биыл 24-ші рет өткізілген ән байқауында Димашқа жанкүйер болып оның ата-анасы да бірге барған еді. Бұл да Димаштың жеңімпаз атануына септігін тигізгені анық. Өйткені, оның алғашқы ұстазы – әкесі.

Ал, ұстазы Майра Тұрлыбекқызы: «Сахнаның сыртында қолымнан келгенше көмектестім. Сахнаға қадам басқанға дейін қасында болдым»,-дейді.

«Славян базары» байқауына бұрындары елімізден ондаған өнерпаз қатысқан. Алайда, Қазақ елінің атын шығарып, жеңімпаз атанған алғашқы әнші – Димаш Құдайберген.

Хабарламаларға жазылу