«Славян базары-2015» халықаралық ән фестивалінде қазақ әншілері талайды тамсандырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Славян базары-2015» халықаралық ән фестивалінде қазақ әншілері талайды тамсандырды

15.07.2015
«Славян базары-2015» халықаралық ән фестивалінде қазақ әншілері талайды тамсандырды

Ал, ересектер арасынан талантты әнші Димаш Құдайберген байқау жеңімпазы атанып, көрерменнің ыстық ықаласына ие болды.

Байқаудың бірінші күні Димаш Құдайберген Константин Меладзенің «Опять метель» әнін шырқады. Қазылар алқасы қазақстандық өнерлі жігіттің талантына тәнті болып 89 ұпай берді. Сөйтіп өнері өрге басып, топ бастады.

Сайыстың екінші күнінде Димаш француз тілінде ән шырқап, көпшіліктің сеніміне селкеу түсірмей, жанкүйерлердің жүрегін жаулады. Дәл осы ән әнмен өнерпаз 86 ұпай иеленді.

Сөйтіп екі күннің қорытындысы бойынша Димаш өзгелерден қара үзіп 175 ұпайды олжалап, 24-ші «Славян базары» байқауының жеңімпазы атанды.

 

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу