«Таңшолпанда» әнші Димаш Құдайберген қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» әнші Димаш Құдайберген қонақта

05.04.2016
«Таңшолпанда» әнші Димаш Құдайберген қонақта

Бала күнінен ата-әжесінің қолында өскен әнші Димаш Құдайберген 5 жасынан бастап фортепианода ойнауды үйренеді. Кейін балалар хорында ән айтқан. «Айналайын», «Балдәурен», «Жас қанат» және басқа да халықаралық музыкалық байқауларға қатысқан.

Жас әнші 2012 жылы «Шығыс базары» конкурсында жеңіске жетсе, бір жылдан кейін жас орындаушылардың «Мейкин Азия» алғашқы халықаралық фестивалінде жеңімпаз атанады.

Ал, былтыр «Славян базары» байқауында Гран-При жүлдесін иеленіп, ел мерейін үстем еткен  Димаш Құдайберген ертең «Таңшолпанда» қонақта.

Әншінің шығармашылығында нендей өзгеріс бар? Ертең таңғы бағдарламадан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу