Соңғы үш жылда нотариустардың қызметі 28%-ға қымбаттады. Мамандар бұл- АЕК көлемінің көтерілуімен тікелей байланысты дейді. Бірыңғай тариф 2012 жылы енгізілген. Бірақ соған қарамастан қазақстандықтардың шығыны өсіп жатыр.
Мысалы 2022 жылы АЕК елімізде 3 063 теңге болды. Бір жыл өткен соң 3 450 теңгеге жетті. Ал былтыр 3 692, биыл 3 932 теңгеге тұрақтады. Заңды тұлғалар үшін қызметтердің құны 50-70%-ға, кейбір қызмет түрлері екі есе қымбаттаған. Кей қызмет құны қала мен ауылға әртүрлі. Мысалы қаладан үй сатып алсаңыз нотариусқа 19 660 теңге, баж салығына 27 524 теңге төлейсіз. Барлығы 47 184 теңге болады. Ауылда бұл қызмет 10 616 теңге тұрады. Мәселен сіз жылжымайтын мүлікті туысыңыздың атына аударсаңыз, екі есе арзанға түседі. Қалада қызмет 27 524, ал ауылда 5 898 теңге болады.
СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДАҒЫ АЕК:
2022 жылы - 3 063 теңге
2023 жылы - 3 450 теңге
2024 жылы - 3 692 теңге
2025 жылы - 3 932 теңге
Қаладан үй сатып алсаңыз - 19 660 теңге / баж салығына 27 524 теңге / 47 184 теңге
Ауылда үй сатып алсаңыз - 10 616 теңге
Жылжымайтын мүлікті басқаның атына аударсаңыз:
Қалада - 27 524 теңге
Ауылда 5 898 теңге
Серік Жұмабек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нотариустардың қызметі 28% қымбаттады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/206566/)