Қызылорда облысының Шаған ауылы газға қосылды
Қызылорда облысында тағы бір ауыл табиғи газға қосылды. Сырдария ауданы, Шаған елді мекенінің тұрғындары алдағы қыстың ызғарында көгілдір отынның игілігін көретін болды. Бес мыңға жуық халқы бар үлкен ауыл осы күнді асыға күтті. Мыңға жуық тұрғын үй мен мектеп, әкімшілік, мәдени-әлеуметтік ғимараттарға ілеспе газдың құбырлары тартылды. Осылайша, күре жолдың бойындағы Шаған ауылының өзекті мәселесі шешімін тапты. Бүгінде тұрғындар қыстың қамын жасап, үйлеріне жаппай газ пештерін орнатып жатыр.
Кенжімкүл Жарасбаева, ауыл тұрғыны:
Шелекпен су таситын едік, одан да құтылдық. От жағатын едік. Шелекпен көмір тасып едік, одан да құтылып жатырмыз. Үйіміздің іші жылы, шүкір. От жағып жатқанымыз жоқ, рақмет!
Сондай-ақ Президент Жолдауындағы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс әкімі мен құқық қорғау органдарының бірінші басшылары аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Мәселесімен келген 50-ден аса адамға құқықтық кеңес беріліп, көкейдегі сауалына жауап алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы