Сурдлимпиада ойындарының үшінші күні де жемісті болды
Токиода өтіп жатқан 25-Жазғы Сурдлимпиада ойындарының үшінші жарыс күні де жемісті болды. Бүгін татамиге шыққан сурдо дзюдошыларымыз ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс салды. Командалық сайыста қыздарымыз финалдық бәсекеде украиналық аруларға есе жіберіп күміс жүлде еншілесе, ерлер командасы қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақты. Дәл қазір Жапониядағы жарыста жүрген әріптесім Фархат Қаналы бізбен байланыста.
Фархат Қаналы, тілші:
Иә, рақмет, әріптестер! Біз қазір Токиодағы Будокен арена кешеніндеміз. Дәл осы жерде жаңа ғана сурдодзюдодан бәсекелер аяқталды. Біздің отандастарымыз жалпы командалық есепте сурдозюдодан топ жарды. Күні кеше жекелей бәсекеде біздің спортшыларымыз төрт алтын, бір күміс, бір қола еншілеген еді. Ал бүгінгі қорытынды жарыс күнінде біздің жігіттеріміз алтыннан алқа тақса, қыздарымыз күміспен күптелді.
Тоқтарбек Айдарбек, палуан:
Шүкір, бүгін командалық сайыста жеңімпаз атанып отырмыз. Кеше бір әттеген-ай болған еді. Алтын тұғырға шыға алмай қалғаныма. Кеше француз палуаннан ұтылып едім, есебімді жіберіп. Бүгін есебімді қайтардым.
Енді ертеңгі жарыс күнінде біз жекпе-жек спорт түрлері бойынша таеквандо
шеберлерімен, греко-рим және еркін күрес шеберлеріне бірге жанкүйер боламыз.
Сонымен қатар, үстел теннис пен бадминтоннан да қыз-жігіттеріміз ел намысын
қорғайды. Жалпы, байрақты бәсеке 26 қарашаға дейін жалғаспақ. Бұл сында 81
елдің өкілдері. Ал Қазақстан Ұлттық құрамасы сапынан 79 спортшы өнер көрсетеді.
Әріптестер, менде әзірге бар ақпарат осындай. Алда Қазақстан Ұлттық құрамасының
мүшелеріне сәттілік тілейміз.
Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда жолаушылар тасымалының көлемі мен жүк айналымы ұлғайды
22.07.2026, 12:29
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14