Сарапшылар: Медианы дамытудың жаңа моделі керек
Ақпараттық дәуірде медианы қаржылық тұрақтандыру үшін жаңа модель керек. Алматыда өтіп жатқан VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына жиналғандар саласының қазіргі рөлі айтарлықтай кеңейгенін атап өтті. Мамандар нарық талаптарына сай медианың экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін бірнеше табыс көзін қатар дамыту қажет деп есептейді. Мәселен, жазылым жүйесін жаңғырту, оқырман донаттарын ынталандыру, жарнаманы күшейту және гранттық жобаларды көбейту керек деп, бірнеше ұсынысты алға тартты. Сарапшылар бұл факторлар медиа ұйымдарының ұзақмерзімді дамуына негіз болады деген пікірде. Бұдан бөлек, мамандар медиа саласы қоғамдағы сенім мен түсіністікті арттырып, өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың маңызды тетігі екенін атап өтті.
Өзджан Өзбай, Түрік журналистер қауымдастығының президенті:
Радио, телевизия, баспасөз – қоғамдағы эмоцияны, сенімді басқаратын күш. Яғни, медиа өңірлік тұрақтылыққа ерекше ықпал етеді. Ал бүгінде түркітілдес халықтардың журналистика саласындағы өзара ықпалдастығы жоғары деңгейде. Алдағы уақытта медиа кеңістіктің ауқымын кеңейтіп, ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық беру керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы