Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады
Мемлекет басшысы Тимур Турловты Халықаралық шахмат
федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Президенттің айтуынша, бұл Қазақстан мен отандық шахмат мектебінің әлемдік
аренадағы абыройы артып келе жатқанын көрсетеді. Елімізде 278 мыңнан
астам адам шахматпен жүйелі түрде айналысады. Президент Самарқандтағы
Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль алған әйелдер құрамасының
жетістігін атап өтті. Кездесуде ұлттық
құраманың дайындығын күшейту, жас таланттарды қолдау, мектептерде шахматты
ілгерілету және өңірлердегі инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру, ірі халықаралық
жарыстар өткізу мәселелері де назардан тыс қалмады.
Автор
Ақниет Балтанова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04
Жаңа стадион, автовокзал мен теміржол вокзалы салынып жатыр
24.11.2026, 20:04