Әлем жаңалықтарына шолу
Ертең Қытайдың солтүстік-батысындағы космодромнан ғарышқа «Шэньчжоу-24» кемесі аттанады. Ол осы елдің жеке орбиталық станциясына алғаш рет шетелдік ұшқышты апаруы керек. Қытайлық астронавттармен космосқа самғайтын 40 жастағы Зишан Әли – Пәкістан азаматы. Ол осы сапар алдында Бейжіңде жеті ай дайындықтан өткен.
Егер АҚШ өз міндеттемелерін орындайтын болса, Иран Ормұз бұғазындағы қауіпсіздікті қысқа мерзімде қалпына келтіре алады. Мұны осы елдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи мәлімдеді. Оның сөзінше, стратегиялық су жолы қайта ашылуы үшін Америка Иранды санкциялар мен теңіз блокадасынан босатып, өзара түсіністік туралы меморандумның барлық талаптарын орындауы керек.
АҚШ президенті Дональд Трамп өлім жазасы үкімдерін орындауды жеделдетуге бұйрық берді. «Си-би-эс» телекомпаниясының хабарлауынша, мұны Құрама Штаттар жетекшісі Әділет министрлігінде мәлімдеген. Тағы бір сөзінде Трамп ең ауыр жазаны ең алдымен кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықпен өлтіргені үшін айыпталғандарға қолдануға шақырған.
Гавай аралдарындағы Килауэа вулканы қайта оянып, жер бетінен жүздеген метр биіктікке лава атқылай бастады. Мұны Құрама Штаттардың Геологиялық бақылау агенттігі хабарлап отыр. Оның өзге бір дерегінше, алты сағатқа жуық созылған бұл белсенділік барысында от пен күл кейде теңіз деңгейінен 5 мың метр биіктікке дейін көтерілген.
Читайте также
Все