Главная Новости Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады

Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады

Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады. Мегаполистің негізгі көшелерінде кептеліс 10 балға жеткен. Синоптиктердің мәліметінше, күндіз басталған жауын-шашын түнгі сағат 2-ге дейін жалғасады. Әріптесім Нұрдәулет Сыздық қаладағы ахуалды баяндау үшін тікелей эфирге қосылуға дайын. Нұрдәулет, нөсердің салдарымен күресу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Нұрдәулет Сыздық, тілші:

Дәл қазір жауын құйып тұр. Оған қоса желдің екпіні секундына 13 метрге дейін күшейеді деп күтіліп отыр. Қазір қалада төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 85 жедел бригада кезекшілікке қойылды. Одан бөлек, 415 арнайы техника, 97 су сорғысы және құм салынған 5 мыңға жуық қап әзірленген. Су жиналуы мүмкін учаскелерге арнайы көліктер мен мамандар келді. Ал көшелерді тазалау және су ағатын жүйелердің жұмысын бақылау үшін күнделікті 3 мыңнан астам жұмысшы мен 1 200-ден астам техника жұмылдырылады. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы кезекшілік атқарады. Синоптиктердің болжамынша, түнде  жауын-шашын тоқтайды. Бірақ араға бір күн салып, қайта жаууы мүмкін. Мамандар көлік жүргізушілеріне жылдамдықты асырмай, арақашықтық сақтауын ескертіп отыр.

Поделиться