Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
Енді кәсіп ашу үшін қаптаған құжат қажет емес. Елде бизнес бастағысы келетіндерге арналған бірыңғай реестр құрылды. Онда дүкен, дәріхана, сұлулық салоны - жалпы кез келген бизнеске қандай лицензия керек екені көрсетілген. Business.rot.kz деп аталатын сайтқа кіріп, кәсіп түрін таңдасаңыз болды – толық ақпарат аласыз. Мысалы, наубайхана ашқыңыз келеді. Бірақ неден бастап, қандай құжат жинау керек екенін білмейсіз делік. Сайтқа кіріп, "наубайхана" деген бөлімді тауып алсаңыз жеткілікті. Бәрі кезең-кезеңімен жазылған, қажет лицензиялардың тізімі де көрсетілген. Өтінім бересіз. Ол екі апта ішінде дайын болады.
Бекболат Молдабеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
Енді ешқайда барудың қажеті жоқ. Бір сайтта мысалы, кафе ресторан болсын, дәріхана болсын, қандай рұқсаттама, анықтама рұқсаттама - не керек болса да бәрін бір жерде жинап қойдық.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04
Жаңа стадион, автовокзал мен теміржол вокзалы салынып жатыр
24.11.2026, 20:04