Басты Жаңалықтар Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды

Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды

Енді кәсіп ашу үшін қаптаған құжат қажет емес. Елде бизнес бастағысы келетіндерге арналған бірыңғай реестр құрылды. Онда дүкен, дәріхана, сұлулық салоны - жалпы кез келген бизнеске қандай лицензия керек екені көрсетілген. Business.rot.kz деп аталатын сайтқа кіріп, кәсіп түрін таңдасаңыз болды толық ақпарат аласыз. Мысалы, наубайхана ашқыңыз келеді. Бірақ неден бастап, қандай құжат жинау керек екенін білмейсіз делік. Сайтқа кіріп, "наубайхана" деген бөлімді тауып алсаңыз жеткілікті. Бәрі кезең-кезеңімен жазылған, қажет лицензиялардың тізімі де көрсетілген. Өтінім бересіз. Ол екі апта ішінде дайын болады.

Бекболат Молдабеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Енді ешқайда барудың қажеті жоқ. Бір сайтта мысалы, кафе ресторан болсын, дәріхана болсын, қандай рұқсаттама, анықтама рұқсаттама - не керек болса да бәрін бір жерде жинап қойдық.
Бөлісу