Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
Ақтауда заңсыз орналасқан сауда нүктелері сүріліп жатыр.
Қала әкімдігі мен полиция өкілдері жүргізген мониторинг барысында рұқсат құжаттары жоқ, санитарлық талаптарға сай келмейтін бірқатар дүңгіршек анықталған. Қазір олар арнайы техникамен алынып, айып тұрағына жеткізілуде. Заңсыз сауда орындары қала аумағында ғана емес, теңіз жағалауындағы жартас соқпақтары маңынан да анықталған. Мұнда сауда жасауға тиісті рұқсат болмаған. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, рұқсатсыз жұмыс істейтін дүңгіршектерде азық-түлік қауіпсіздігі мен санитарлық талаптарды бақылау қиын. Бұған қоса, мұндай нысандар қаланың сәулетіне де кері әсер етеді.
Бекнұр Бәлиұлы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:
Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлікке кедергі келтіру емес, тұрғындарға қолайлы орта, жағдай жасау. Осыған дейін де Ақбота саябағы бойынша да жұмыстар жүргізілді. Одан кейінгі мына тұрғындардан көп арыз түсетін осы 14 шағынаудан, теңіз жағаға өтетін кездерде кедергі келтіреді. Балаларымыз да тамақтанып жатыр оның қауіпсіздігі, санитарлық қауіпсіздігі деген сияқты мәселелер көп бұл жерде.
Читайте также
Все