Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
Ақтауда заңсыз орналасқан сауда нүктелері сүріліп жатыр.
Қала әкімдігі мен полиция өкілдері жүргізген мониторинг барысында рұқсат құжаттары жоқ, санитарлық талаптарға сай келмейтін бірқатар дүңгіршек анықталған. Қазір олар арнайы техникамен алынып, айып тұрағына жеткізілуде. Заңсыз сауда орындары қала аумағында ғана емес, теңіз жағалауындағы жартас соқпақтары маңынан да анықталған. Мұнда сауда жасауға тиісті рұқсат болмаған. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, рұқсатсыз жұмыс істейтін дүңгіршектерде азық-түлік қауіпсіздігі мен санитарлық талаптарды бақылау қиын. Бұған қоса, мұндай нысандар қаланың сәулетіне де кері әсер етеді.
Бекнұр Бәлиұлы, Ақтау қаласы әкімінң орынбасары:
Біз кәсіпкерлікке негізгі мақсатымыз – кедергі келтіру емес. Біз тұрғындарға қолайлы орта, жағдай жасау. Осыған дейін де Ақбота саябағы бойынша да жұмыстар жүргізілді. Одан кейінгі мына тұрғындардан көп арыздар түсетін осы 14 шағынаудан теңіз жағаға өтетін кездерде кедергі келтіреді. Балдарымыз да мысалға тамақтанып жатыр оның қауіпсіздігі, санитарлық қауіпсіздігі деген сияқты мәселелер көп бұл жерде.
Алдағы уақытта Ақтау қаласында сауда жасауға болатын арнайы орындардың тізімі
жасалады. Кәсіпкерлер белгіленген тәртіппен құжаттарын рәсімдеп, сол орындарда
ғана жұмыс істей алады. Сүрілген дүңгіршектер әзірге айып тұрағына қойылған.
Кәсіпкерлер өз мүлкіне қатысты құжаттарын дәлелдеген жағдайда, оны қайтарып ала
алады. Ал, босатылған аумақтар абатандырылады.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07