Қазақстан құрамасы көкпар мен көкбөрі бәсекесін жеңіспен бастады
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат құлағында ойнаған Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетуде. Кезекті жарыс күнінде аударыспақ шеберлері қоржынға 2-алтын, 1-қола жүлде салды. Сырым Ізбасаров бұл жолы да жанкүйерлерін жерге қаратпады. Қарсыластарын қоғадай жапырған құрама көшбасшысы 3 дүркін көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. Дарын Өткелбай да бүгін ат үстіндегі күресте алтыннан алқа тағынды. Көкпарда Қазақстан Ресей командасын 14:1 есебімен жеңсе, көкбөріде Тәжікстан командасымен түйісті. Қазандыққа шапқан палуандар бәсекесінде отандастарымыз 16:3 есебімен айқын жеңіске қол жеткізді.
Құрманбай Есжан, көкбөріден Қазақстан құрамасының мүшесі:
Қазақстан-Тәжікстан өте жақсы ойын болды. Тәжік құрамасы да дайындалып келген.
Автор
Азат Қыдырбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04