Қостанайда жас жол инспекторларының XXI республикалық слеті өтіп жатыр
Қостанайда жас жол инспекторларының XXI республикалық слеті басталды. Биыл байқауға Қазақстанның 20 өңірі мен ТМД елдерінен 6 команда арнайы келіп, барлығы 200-ге жуық оқушы қатысып жатыр. Жарысқа түсетін 11 мен 14 жас аралығындағы жас инспекторлар жол ережесін қаншалықты меңгергенін көрсетіп, өзара бақ сынасады. Бұдан бөлек, олар ғылыми-практикалық конференцияларға, зияткерлік ойындар мен танымдық экскурсияларға қатысады. Іс-шараның басты мақсаты – жолдағы сақтық пен тәртіптің маңызын балаларға ерте жастан түсіндіріп, жауапкершілікке баулу.
Малахат Агаева, Әзербайжаннан келген қатысушы:
Бірнеше ай дайындалдық. Біздің команда халықаралық жас жол инспекторларының слетіне қатысып жүр. Барымызды салып жұмыс істедік. Былтыр Тәжікстанда болдық, енді биыл Қазақстанға келдік. Өте қуаныштымыз.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04
Жаңа стадион, автовокзал мен теміржол вокзалы салынып жатыр
24.11.2026, 20:04