Қызылордада жастар арасында дебат өтті
Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында республикалық дебат өтті. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық жауапкершілігін күшейтуге бағытталған пікірсайысқа еліміздің әр өңіренен 14 команда қатысты.
Заң мен тәртіп – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік. Жүйрік ойлы, сөзге мығым жастар осы тақырып аясында қызу пікірталасты. Елімізде құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор. Дебатқа қатысушылар жуырда заңды күшіне енген жаңа Конституцияны талқылап, артықШылықТарына тоқталды.
Бекзатхан Махамбет, дебат ұйымдастырушы:
Еліміздің негізгі іргетасы және де бастаушы күші ол жастар болғандықтан жастар арасындағы үлкен қозғалысты жүргізу мақсатында осы Заң мен тәртіп қағидасы бойынша өтіп жатыр. Заң мен тәртіп деп отырғанымыз кез келген адамның бағынуы керек және де бағынуы тиіс мемлекеттің бөлшегі ретінде қарастырылатын нәрсе деп түсінеміз.
Автор
Әділбек Серікұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04
Жаңа стадион, автовокзал мен теміржол вокзалы салынып жатыр
24.11.2026, 20:04