IT бағдарламалар экспорты 1,1 млрд долларға жетті
Қазақстандық IT бағдарламалардың экспорты 1 миллиард 100 миллион долларға жетті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Біздің eGov жүйесінің үлгісін Тәжікстан сатып алған. Бірегей цифрлық жүйе Африка елдері Сьерра-Леоне және Тогоға да саудаланды. Бүгінде еліміз электрондық үкіметті дамыту индексінде әлем бойынша 24-орында. Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызынан астамы онлайн форматта көрсетіледі. Тұрғындар бір жылда оларды 51 миллион мәрте пайдаланған. Былтыр тамыз айында eGov Mobile қосымшасында AI интеллектуалды іздеу жүйесі іске қосылды. Сонымен қатар eGov.kz порталы арқылы 25 миллионан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, eGov Business сервисі 4,5 млн сұранысты өңдеген.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04