Саябақта тәртіп бұзған 700 адамға айыппұл салынған
Жыл басынан бері елордадағы Ботаникалық саябақта тəртіп бұзған 700-ден астам адам айыппұл арқалады. Көбіне тұрғындар тыйым салынғанына қарамастан көгалға жайғасып, дастархан жаяды. Ал мұндай əрекет үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде əкімшілік жаза қарастырылған. Жалпы полиция «Заң мен тəртіп», «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциялары аясында күн сайын рейд жүргізеді.
Еркін Жанәбіл, қалалық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының
орынбасары:
Пикникке шығу, əрине дұрыс. Бірақ əр тұлға келгеннен кейін артында қоқыстар қалып қояды. Ол бөтелке, пластикалық ыдыстар, пакеттер одан қалса майлықтар. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабында көрсетілген əкімшілік жаза қарастырылған. Ескерту беріледі немесе айыппұл салынады.
Автор
Ернұр Медет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04