Павлодарда Эко-movie экологиялық шарасы өтті
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының Павлодар облыстық штабы экологиялық-танымдық шара өткізді.
Негізгі мақсат – жастардың табиғатқа жанашырлығын арттыру, экологиялық тазалыққа дағдыландыру. Осыған орай интерактивті шығармашылық формат таңдалды.
Шара барысында көпшілікке танымал фильмдер мен мультфильмдердің сюжеттері көрсетіліп, олардың экологиялық мазмұны талданды. Оған 30-дан астам студент қатысты.
Мөлдір Жұмабаева, студент:
Бұл бізге болашақта үлкен жаңалықтар мен өзгерістер алып келеді деп сенеміз. Біздің болашаққа үмітіміз зор. Осындай шараларға жастар көбірек қатысуы керек деп ойлаймыз. Өйткені табиғатты қорғау – әр адамның міндеті.
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04