Қазақстан экономикасына 4 жылда 5,2 млрд доллар көлемінде инвестиция құйылды
Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына соңғы 4 жылда 5 млрд 200 млн доллар көлемінде инвестиция құйған. Бұл туралы банк кеңесінің отырысында айтылды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиынға Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты. Іс-шара барысында кеңестің алдағы 4 жылға арналған стратегиясы бекітілді. Онда негізінен көлік-логистика кешенін және ірі инвестициялық жобаларды дамыту мәселелері қамтылған.
Сондай-ақ осы жиында кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов қайтадан кеңестің төрағасы болып сайланды.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04