Қазақстандағы сауда көлемі ₸28 триллионнан асты
Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, еліміздің ішкі сауда саласында тұрақты өсім байқалады. Биылғы бес айдың қорытындысы бойынша сауда саласының нақты көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,6%-ға артып, 28 трлн теңгеден асты. Соның ішінде көтерме сауданың көлемі 19,6 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 6,5%-ға көп. Саланың ілгерілеуі елдегі сауда белсенділігінің өсуіне және экономикалық белсенділіктің нығаюына елеулі үлес қосты. Бөлшек саудада да оң динамика байқалып отыр. Қаңтар-мамыр аралығындағы сауда көлемі 9 трлн теңгені құрады. Сауда белсенділігі жоғары өңірлердің қатарында Алматы мен Астана қаласы, Атырау және Қарағанды облысы, сондай-ақ Шымкент қаласы бар.
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04