ӘЧ: Чехия мен Оңтүстік Африка тең түсті
Футболдан Әлем чемпионатында Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын чемпионаттың «А» тобындағы топтық кезеңнің екінші туры аясында өтті. Чехия құрамасы ойынды барынша ширақ бастап, алғашқы минуттарда-ақ есеп ашты. Жартылай қорғаушы Михал Садилек 5 минут 8 секундта қақпаға гол соқты. Бұл гол осы Әлем чемпионатындағы ең жылдам гол болып тіркелді. Алайда Чехия құрамасы жеңісті есепті ұстап тұра алмады, оңтүстікафрикалықтар екінші таймда есе қайтарды. 83-минутта Чехия қақпасына пенальти белгілеген төрешінің ысқырығынан кейін Тебохо Мокоэна есепті теңестірді.
Автор
Айжан Иманғали
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04