Шілдеде бірыңғай QR жүйесі іске қосылады
Енді әр банктің бөлек QR-коды болмайды. Бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі. Бұл халыққа ыңғайлы ма? Кәсіпкер үшін тиімділігі қандай? Жаңа жүйе қашан қосылады? Ұлттық банк төрағасының жауабы қандай?
Самал Қабышева, тілші:
Енді төлем жасағанда әр банктің бөлек QR-коды болмайды. Тек бір ғана QR-код болады. Сол арқылы төлем жүргізесіз. Яғни, қосымша жүктеп уақыт жоғалтпайсыз. Жаңа заң жүйесі 19 шілдеден бастап күшіне енеді.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
Бірыңғай QR-код болады. Бір QR-мен барлық жүйеде Каспий болсын, Халық болса да, Форте болса да төлеуге болады. Бірнеше машинканы сақтау, тұрғызу, сосын есеп айырысу, әр банкпен есеп айырысу уақыт алады.
Ұлттық банк төрағасы бірыңғай QR-код жүйесінің кәсіпкер үшін осындай тиімділігін атап өтті.
Асан Ахметжан, ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің басшысы:
Автотұрақ болсын, мешіттегі садақа болсын, бірнеше QR-код жабыстырылып тұратын. Әрқайсысы әр банктің QR-код сканерлеп, сол арқылы төлейтін. Қазір барлығында бір QR-код жабыстырылады. Кез келген банктің қосымшасынан бір ғана QR-кодты сканерлеп, сол арқылы төлеуге мүмкіндік болады.
Осылайша, бір QR-барлық банкке ортақ болады. Бірыңғай QR-код жүйесімен бір айдан кейін барлық кәсіпкер жұмыс істеуге міндетті. Себебі, 19 шілдеден бастап осы талап бойынша заң күшіне енеді.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04