Шілдеде бірыңғай QR жүйесі іске қосылады
Енді әр банктің бөлек QR-коды болмайды. Бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі. Бұл халыққа ыңғайлы ма? Кәсіпкер үшін тиімділігі қандай? Жаңа жүйе қашан қосылады? Ұлттық банк төрағасының жауабы қандай?
Самал Қабышева, тілші:
Енді төлем жасағанда әр банктің бөлек QR-коды болмайды. Тек бір ғана QR-код болады. Сол арқылы төлем жүргізесіз. Яғни, қосымша жүктеп уақыт жоғалтпайсыз. Жаңа заң жүйесі 19 шілдеден бастап күшіне енеді.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
Бірыңғай QR-код болады. Бір QR-мен барлық жүйеде Каспи болсын, Халық болса да, Форте болса да төлеуге болады. Бірнеше машинканы сақтау, тұрғызу, сосын есеп айырысу, әр банкпен есеп айырысу уақыт алады.
Ұлттық банк төрағасы бірыңғай QR-код жүйесінің кәсіпкер үшін осындай тиімділігін атап өтті.
Асан Ахметжан, ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің басшысы:
Автотұрақ болсын, мешіттегі садақа болсын, бірнеше QR-код жабыстырылып тұратын. Әрқайсысы әр банктің QR-код сканерлеп, сол арқылы төлейтін. Қазір барлығында бір QR-код жабыстырылады. Кез келген банктің қосымшасынан бір ғана QR-кодты сканерлеп, сол арқылы төлеуге мүмкіндік болады.
Осылайша, бір QR-код барлық банкке ортақ болады. Бірыңғай QR-код жүйесімен бір айдан кейін барлық кәсіпкер жұмыс істеуге міндетті. Себебі, 19 шілдеден бастап осы талап бойынша заң күшіне енеді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Өрік FEST» фестивалі өтті
18.06.2026, 20:57
Медицина саласының үздіктері анықталды
18.06.2026, 20:54
16 мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасалуы мүмкін
18.06.2026, 20:52
ТМД елдерімен мәдени байланыс артып келеді
18.06.2026, 20:50
Робототехника олимпиадасында ұлттық құндылықтар дәріптеліп жатыр
18.06.2026, 20:22
Креативті индустрияны дамыту жөніндегі конференция
18.06.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
18.06.2026, 20:08
«Әділет» партиясы ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесті
18.06.2026, 20:07