Жалған нөмір таққан 500-ден аса көлік анықталды
500-ден астам автокөліктің жалған мемлекеттік нөмірмен жүргені белгілі болды. 10-14 маусым аралығында өткен республикалық рейд барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған мыңдаған жүргізушіні анықтады. Нәтижесінде 22 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Жалпы саны 2,5 мыңға жуық темір тұлпар айып тұрағына жеткізілді. Мамандардың айтуынша, жалған нөмір қолдану көбіне камералардан жасырыну немесе жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасалады. Ішкі істер министрлігі мұндай заң бұзушылықтарға қарсы бақылау алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын мәлімдеді.
Автор
Ернұр Медет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04