Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Әккілер өзін Telegram-ның ресми қызметі ретінде көрсетіп, аккаунтыңызды жою туралы сұрау түскені жөнінде хабарлама жібереді. Сілтемеге өткен жағдайда, сізден растау коды сұралады. Кодты енгізсеңіз, алаяқтар аккаунтыңызға қол жеткізуі мүмкін. Сондықтан құзырлы орган өкілдері өзіңізді қорғау үшін, күдікті сілтемелерге өтпеуді ескертеді. Тelegram немесе SMS арқылы келген кодтарды да ешкімге айтпаған жөн. Екі сатылы қорғанысты яғни, қосымша құпиясөзді қосыңыз және хабарлама жіберушінің профилін мұқият тексеріңіз. Есіңізде болсын, Telegram ешқашан аккаунтты сақтау немесе жоюды тоқтату үшін бот арқылы код сұрамайды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04