Президент Бейбітшілік кеңесінің Аға кеңесшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің Аға кеңесшісі Арье Лайтстоунды қабылдады. Кездесу барысында Президент Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қатысуының маңызын атап өтіп, ұйыммен ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді. Тараптар Газа секторындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған Қазақстан бастамалары: соның ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру, білім беру, денсаулық сақтау және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. Арье Лайтстоун президент пен қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, АҚШ президенті Дональд Трамптың сәлемін жеткізді. Сондай-ақ көлік-логистика саласындағы әріптестік, TRIPP жобасы мен Орта дәліз аясындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.
Автор
Ақниет Балтанова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04