Бельгиядағы ереуілдің кесірінен әуе рейстері тоқтады
Бельгияда әуе диспетчерлерінің алдын ала ескертілмеген ереуілінен ұшақ қатынасы тоқтап қалды. Брюссель әуежайында жүздеген ұшақ рейсі кейінге қалдырылған. Наразылық акциясын кәсіподақтар ұйымдастырды. Олар 2027 жылдан бастап әуе қозғалысын жаңа сандық бақылау орталығының құрылуына қарсы. Бұл өзгеріс жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін. Әуе диспетчерлік қызметінің жетекшілігі наразылық акциясын бір тәулік бұрын ескерту қажеттігін және жаңа орталық ашу жобасы кейінге қалдырылғанын мәлімдеді. Ал ұшақ рейстері алдағы бірнеше сағатта қайта жандануы ықтимал.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04