Ақтөбе облысында 291 километрге жуық жол жөнделеді
Биыл Ақтөбе облысында 291 километрге жуық жол жөнделеді. Ол үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 36,4 млрд теңге бөлінді. КСМ: Ең ірі жоба - «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» тас жолы. «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіндегі бұл бөліктің ұзындығы 262 шақырым. Құны 550 млрд теңге. Жаңарту жұмыстарының ресми басталуына арналған шараға «Қазавтожол» ұлттық компаниясы мен өңір басшылығы, Хромтау ауданының тұрғындары қатысты. Жаңа жол Бірінші техникалық санатқа сай төрт жолақты болуы тиіс. Жеті учаскеге бөлініп, кезең-кезеңмен салынады. Жалпы, соңғы үш жылда өңірде мың алты жүз шақырым жол жөнделген.
Дархан Иманашев «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы:
Мердігер толық өзі сметалық құжаттамаларды өзі дайындайды. Құрылысты бастайды да, 5-7 жылдай толық күтіп ұстауды мойнына алады. Яғни, барлық қателіктер, барлық сапа мердігердің мойнында.
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10