Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
«Заң мен Тәртіп» қағидаты қоғамдық мәдениетті дамыту үшін ғана емес, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан елдің әрбір тұрғыны заңға құрметпен қарап, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беруі керек. Бұл – ел тұрғындарының ортақ пікірі.
Ақтөбе
Заң алдында бірдей.Ол мемлекеттік қызметші болса да, ол азамат болса да, ол лауазымды тұлға болса да заң алдында міндеттері мен құқықтары бірдей. Қазіргі таңда заң мен тәртіп жобасы аясында алаяқтыққа байланысты, қоғамдық тәртіпке байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген істер жүргізіліп жатыр.
Петропавл
Кез келген елде заң болуы керек. Заң болмаса, біздің құқығымыз қорғалмайды. Мен бір жағдай болса, құзырлы органдарға шағымданып, өз құқығымды қорғай аламын деп ойлаймын. Бұл да мемлекетте тәртіп барын білдіреді.
Петропавл
Қоғамды әрбір адам заң талаптарын сақтап, өз ісіне жауапкершілікпен қарау керек. Және күнделікті өмірге жастарға кішкентай күнінен заң талаптарын құрметтеуді үйрету де маңызды. Соның арқасында жақсы қоғам, әділетті қоғам әрі қауіпсіз қоғам қалыптасады.
Читайте также
Все