Екібастұз қаласында әуежай салынады
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласының әуе қатынасын дамытуға ерекше назар аударып, облыс әкіміне шаһарда жаңа әуежай ашу мәселесін жан-жақты пысықтауды тапсырды. Мемлекет басшысы инвестиция тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және инженерлік-коммуналдық кешенді жаңғырту жұмыстарын жалғастыру жөнінде міндет жүктеді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 7 мектеп, сондай-ақ 30 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді. Былтыр ауылдардың барлығы таза ауыз суға қол жеткізгенін мәлімдеді. Өңірдің үш қаласындағы қоғамдық көлік паркі толық жаңартылды.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10