Аллергияға қарсы отандық вакцина сыналуда
Аллергияға қарсы қазақстандық препарат сынақтан өтіп жатыр. Зерттеу «Медцентр-Рахат» базасында жүргізіледі. Оған жусан тозаңына аллергиясы бар 138 пациент қатысады. Егер сынақ сәтті аяқталса, бұл аллергиясы бар адамдардың дертіне дауа болмақ. Бұрын аллергияны айлап емдейтін терапия енді төрт инъекциямен шектелуі мүмкін. Мамандар жусан тозаңына аллергиясы бар адамдар ел ішінде өте көп екенін айтады. Олар, әсіресе, жаз және күз мезгілдерінде мұрыннан су ағу, түшкіру, көзден жас ағу және тыныс алудың қиындауы сияқты белгілерге жиі тап болады. Аллергиямен күресетін препарат бұл жай ғана медицина жаңалығы емес, елдің ғылымы «импортқа тәуелді тұтынушыдан» нақты өндірушіге айналып келе жатқанының белгісі.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04