Мұнай біртіндеп қымбаттай бастады
Бүгін әлем нарығында мұнай бағасы 1 пайызға жуық қымбаттап, Brent маркалы шикізат баррелінің құны 105 долларға жетті. Ал америкалық көмірсутегінің бөшкесі 99 доллардан сатылып жатыр. Сарапшылардың ойынша, «қара алтынның» қымбаттауына АҚШ пен Иранның бейбіт келісім жасайтынына сенімнің сетінеуі себеп. Президент Дональд Трамп дүйсенбі күні мәлімдеме жасап, атысты тоқтату жөніндегі бітімнің қыл үстінде тұрғанын жариялады. Сонымен қатар Тегеран ұсынған бейбітшілік жоспарын қабылдаудан бас тартты.
Айта кетсек, бұл жоспар бойынша Тегеран Вашингтонға шабуыл үшін өтемақы төлеу,
Иран мұнайын экспорттауға қайта жол ашу және Ислам Республикасын халықаралық
санкциялар мен теңіз блокадасынан босату туралы талап қойып отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10