Пәкістанның шабуылынан Кунар провинциясында 7 адам қаза тауып, 75 адам жараланды
Пәкістан Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясына шабуыл жасап, жеті адамды мерт қылды. Тағы 75 адам жараланған. Тәліптер үкіметінің мәлімдеуінше, зардап шеккендердің ішінде университеттің 30 студенті бар. Пәкістан жағы азаматтық нысандарға соққы берді деген ақпаратты «жалған» деп атады.
Айта кетсек, екі ел арасындағы қақтығыстардан соңғы бірнеше айда жүздеген адам қаза тапты. Исламабад Кабулды Пәкістан жерінде терактілер жасаған содырларға пана берді деп айыптап отыр. Алайда Ауғанстан өзіне тағылған кінәні үнемі жоққа шығарып келеді.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10