Президент ғылым саласының қызметкерлерін марапаттады
Әр елдің ғылыми әлеуеті – оның абырой-беделі мен күш-қуатының өлшемі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімі кезінде осылай деді. Соңғы 5 жылда салаға бөлінген қаржы 6 еселенген. Енді жастар ғылыммен алаңсыз айналысуы үшін қолайлы жағдай жасалады. Биыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Тың бастамаларға басымдық берген бизнес өкілдеріне салықтық жеңілдік қарастырылады. Ең бастысы Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Ғылымның әлеуетін ел игілігіне жарата білу қажет. Ғалымдарымыз ашқан жаңалықтар зертханалар аясында қалып қоймауы керек. Нақты нәтиже беретін, өндіріске енгізуге болатын жобаларды жүзеге асыру қажет. Бір сөзбен, ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс. Бұл мақсат Үкіметтің ұдайы назарында болуы керек, себебі осы міндеттің еліміз үшін мән-мағынасы ерекше.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10