Отандық және шетелдік студенеттер арасында MaxUP легатоны басталды
Отандық және шетелдік студенеттер арасында MaxUP легатоны басталды. Бұл заң саласындағы кейс-чемпионат. «Болашақ құқығы» тақырыбына негізделген сайыста жастар цифрлы дәуірдегі сын-қатерлерге құқықтық шешімдер іздейді. Жаңа технологиялардың заң жүйесіне, этика мен адам құқықтарына әсерін зерделейді. Жарыста 3 құрлықтан 13 мемлекеттің университеті бақ сынамақ. Олардың қатарында Қазақстаннан бөлек Канада, Қытай, Германия және тағы басқа елдердің жоғары оқу орындары бар. Конкурс пікірсайыс, жоба таныстыру және гранд-финал сынды үш кезеңнен тұрады. Жүлде қоры 5 млн теңгеден асады.
Лука Авазашвили, команда жетекшісі:
Біз Қазақстанға алғаш рет келіп отырмыз. Жарысқа жан-жақты дайындалдық. Кеше басқа команда мүшелерімен танысып, достасып та үлгердік. Олардың да әзірлігі жоғары. Сондықтан біз үшін бұл жарыс үлкен тәжірибе болатыны анық.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10