Ербол Хамитов: Ешқашан берілмеу керек
Ербол Хамитовтың жеңіс жолына тағы бір тоқталсақ. Көк туымызды ұстап, Италияға аттанған еріміз әуелі парашаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт бойынша қола медаль жеңіп алды. Өзі бұл медаль алтыннан да қымбат әрі сол алтынға жол ашқан жеңіс дейді. Одан кейін пара биатлоннан 4,5 шақырымдық із кесу жарысында топ жарып, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Ербол Хамитов 2017 жылы тағдырдың тауқыметін көрсе де, сынбады. Қайта тұрды. Жігерін жандырып, қайсарлығын қайрады. Соның арқасында жеңіске жетті. Ақордада марапат алғаннан кейін чемпион ұлттық арнаға сұхбат беріп, жастарға кеңесін айтты.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04