Мәскеуде қазақ мәдениетінің кеші өтті
Мәскеуде қазақ мәдениетінің кеші өтті. Ресей астанасында тұрып жатқан қандастар әуезді ән мен күмбірлеген күйді қалықтатты. Кеш қонақтары Алаштың ардақты ұлы Әлихан Бөкейханның өмірі мен мұрасы туралы айтып, қазақ халқына сіңірген еңбегі жайлы әңгіме қозғады. Жалпы, соңғы жылдары Ресейдегі қандастар қазақ тілін сақтап, мәдениетін насихаттауға басымдық беруде. Іргелес елде 600 мыңға жуық қандас тұрып жатыр, 50-ден астам қазақ ұйымы бар.
Мұнсыз Садық, ұйымдастырушы:
Игілігі мол шараны жыл сайын ұйымдастырамыз. Абайдың шығармалары оқылып, әр жыл сайын асық ату, арқан тарту сияқты ұлттық дәстүрімізден сыр шертетін ойындарымызды көрсетеміз. Биыл тақырып Әлихан Бөкейханға арналып отыр. Себебі өскелең ұрпақ мемлекет және қоғам қайраткерінің жүріп өткен жолын білуі тиіс.
Автор
Индира Бегайдар
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04