Құтқарушылар ауруханаға жете алмаған сәбиге көмекке келді
Ақтөбе облысында ақтүтек боранда ауылдан шыға алмай қалған бір жастағы бала мен оның анасы құтқарылды. Оқиға өткен түнде Хромтау ауданында болды. Никельтау ауылында тұратын сәбидің денсаулығы нашарлап, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу қажеттігі туындаған. Ал жолдар жабық еді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері елді мекенге жол талғамайтын арнайы көлікпен барып, сәбиді анасымен бірге Хромтау аудандық ауруханасына аман-есен жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ.
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10