«Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім 31-наурызға дейін қабылданады
Наурыздың 10-ы күні «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады. Қатысам деушілер ертерек қамданып, «Отбасы банкіндегі» шотына кемі 2 млн теңге салуы керек. Бұл баспана алуға арналған алғашқы жарна яғни 10%-ы болып есептеледі. Талаптары бұрынғыша. Әлеуметтік топ үшін ипотека – 7 пайызбен, өзге азаматтарға– 9 пайызбен есептеледі. Астана мен Алматы қаласы үшін қарыз соммасы – 36 млн теңгеге дейін. Басқа өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін беріледі. Қарыз – 19 жылға рәсімделеді. Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауы тиіс. Айта кетейік, өтінімдерді қабылдау 31-наурызға дейін жалғасады.
Автор
Ақниет Балтанова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04