Басты Жаңалықтар «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім 31-наурызға дейін қабылданады

«Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім 31-наурызға дейін қабылданады

Наурыздың 10-ы күні  «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады. Қатысам деушілер ертерек қамданып, «Отбасы банкіндегі» шотына кемі 2 млн теңге салуы керек. Бұл баспана алуға арналған алғашқы жарна яғни 10%-ы болып есептеледі. Талаптары бұрынғыша.  Әлеуметтік топ үшін  ипотека – 7 пайызбен, өзге азаматтарға– 9 пайызбен есептеледі. Астана мен Алматы қаласы үшін қарыз соммасы – 36 млн теңгеге дейін. Басқа өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін беріледі. Қарыз – 19 жылға рәсімделеді. Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауы тиіс. Айта кетейік, өтінімдерді қабылдау 31-наурызға дейін жалғасады.

Бөлісу